Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бай болудың құпиясы

14.11.2022
0
Бай болудың құпиясы

Қазір заман қалтасы қалыңдардікі. Өмірде барлық нәрсеге таңдау берілген. Тіпті байлық та өз адамын таңдап қонады екен. Бай болғыңыз келсе, бай адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясына терең бойлап, дағдылармен танысайық, деп жазды KYN.KZ сайты.

1. Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.                  

2. Құндылық жасау. Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауарлар ғана өндіріңіз, сонда олар өздері Сізге қажетті ақшаны әкеп береді. Ұялмай тауарларыңыздың барлық құндылықтары мен пайдасын толық сипаттаңыз. Өзіңді-өзің мақтамасаң, ешкім мақтамайды.

3. Қызығушылық үшін жұмыс жасау. Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай жұмыс істеуге тұрмайды. Ал ынта болу үшін ол жұмысты сіз жақсы көруіңіз керек. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мен дағды алу үшін жұмыс жасаңыз.

4. Биік мақсаттар қою. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз. Себебі, егер адам 200 метрге жарысса, ол мәреге жеткен жерде шаршайды. Ал, 6 км-ге мақсат қойса ол 200 метрге де шаршамай жетеді.

5. Тіл тапқыштық. Ақшаны басқа кісілер алып келеді. Олармен араласыңыз, оларды қызықтырыңыз, сонда олар Сізге ақшаларын қуана тапсырады. Түнерген, тұйық адам болмаңыз, мұндай адамдардың бай болуы сирек кездеседі.

6. Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау. Сараң, еріншек адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз, ол туралы мектеп оқулықтарында жазбайды. Өзіңізді табыстылармен және оптимистермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмек береді.

7. Жауаптылық алу. Жоқшылықтың серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.

8. Бизнес жасаңыз. Егер Сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер Сізде мүлдем ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес жасаңыз! Ой іздеңіз, оны бизнес жобаңа айналдырыңыз және инвесторлардың назарын аударыңыз.

9. Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс – ол Сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Жұмыс жасалуды, жұмсауды үйреніңіз.

10. Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табысқа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығанда, аса көрнектілерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.

11. Өзіне сұрақ қою. Мынадай сұрақтар: «Мен кіммін?», «Мен неге бірегеймін?», «Менде 123 456 789 000 доллар болса, не істер едім?». Келген позитивті ойлардың күші мен энергиясын пайдаланып, оларды әрекет етуге, алға жылжуға бағыттаңыз.

12. Армандау. Арман – ең күшті алға жетелейтін мотивациялық құрал. Армандаңыз және армандарыңыз орындалатынына сеніңіз. Бірақ, ешқашан қиялдамаңыз. Қиялдар жүзеге асырылуын талап етпейді, ал армандар талап етеді. Адам армандауды доғарғанда, даму мен алға жылжуды тоқтатады.  

13. Жәрдемдесу. Шын жүректен көмектесіңіз. Бірақ, өзіңіз қалаған адамға ғана қол ұшын созыңыз. Үнемі көмек сұрайтындарға көмектеспеңіз. Ондай адамдар бөтеннің мейірбандығына арамтамақ болады. Көмек көрсетуді достарыңызбен және туысқандарыңызбен шектемеңіз. Мейілінше көп адамға көмек көрсетсеңіз, барынша көп адам Сізге жәрдемдеседі.

14. Берілмеу. Ешқашан берілмеңіз, әрекет етіңіз, бір орында тұрмаңыз, дамыңыз, ортаңызды дамытыңыз. Жоқшылықпен күресіңіз, жоқшылық – барлық адамдардың жауы, кім онымен жақсы күреседі, сол бай және табысты болады.

Бөлісу1Твит1
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1648 бөлісу
    Бөлісу 659 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1408 бөлісу
    Бөлісу 563 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.