Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарлық ер адам 5-қабаттан секіріп өлмек болды

Павлодарлық ер адам 5-қабаттан секіріп өлмек болды
ашық дереккөз

Павлодар облысында 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Ер адам 5-қабаттағы үйдің балконынан секіріп өлмекші болған. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция взводының инспекторлары Рүстем Жұмабеков және Уаис Ибраев жетіп келген.

«Біз ойланбастан біз кіреберіске жүгірдік, 5 қабатқа көтерілдік, бірақ пәтердің есігі ішінен жабулы болды. Мен көршілердің есігіне қоңырау шалып, не болып жатқанын түсіндірдім, олар бізді ішке кіргізіп, балконға апарды. Уаис онымен сөйлесіп жатқанда, мен көршінің балконынан өтіп, ер адамды ұстап алдым», - деді Рүстем Жұмабеков.

Ер адамның не үшін өзіне қол жұмсамақ болғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда аяғы ауыр келіншектің 8-қабаттан және шымкенттік 3 балалы ананың 5-қабаттан секіру оқиғасы орын алды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар