Басты жаңалықтар

"Ол бәрін сезгендей ұлдарды қайта-қайта сүйіп ұзақ қоштасты": Сұлтанқызы марқұм күйеуі жайлы естелігін бөлісті (видео)

Жақында ғана жұбайы өмірден өткен Ләйлә Сұлтанқызы оған жантебірентерлік жазба арнап, күйеуімен өткізген соңғы сәтін еске алды, деп жазады KYN.KZ.

Тележүргізушінің айтуынша, жұбайы өмірден өтер алдын екі ұлын алып, Түркия еліне саяхатқа аттанған.

"Сенсіз өткен бір жұма. Алланың әміріне қарсы тұра алмаймын, білем. "Қабылда, әрі қарай ұмтыл" дейсіздер. Бірақ ойылып қалған жүрегімнің орны ойсырап тұрғанда, қалай әрі қарай ұмтыламын?!

Соңғы жүздесуіміз Стамбулға барар алдын еді. "Ләйлә балаларды алып 3-4 күнге болса да барып келіңдер. Мен жұмыстан босамаймын. Балалар бір демалып келсін" деп ерекше еміреніп, шығарып салып еді. Әдетте Қайрат сезімге берілмейтін. Сол күні қайта-қайта сүйіп, жүктеріне дейін көтеріп, қол бұлғап ұзақ тұрды.

Демалыстан елге ұшар алдын да қайта-қайта хабарласып, амандығымызды сұрап, үйде күтетінін айтты. Әдетте "адам алдын ала сезеді" деуші еді. Сезді ме, білмеймін. Сап-сау серігімнің жүрегі бір сәтте тоқтады да қалды.

16 жыл, 210 ай, 7305 күн жанымда болғаның үшін, жадымдағы әр сәт үшін саған алғысымды білдіремін. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінген емес. Енді бұл жолы сен туралы жиі айтуыма қарсы болмассың", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

https://youtube.com/shorts/SGcigUX0o2M?feature=share