«Аяқ киіміңді көрсетші. Бойың бір түрлі ұзарып кеткен бе?»: Мәдина Сәдуақасова кімді қалай шошытып жүр?
Эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова атақты «Ялла» тобының әншілеріне сахналық аяқкиімін көрсетем деп шошытып алды, деп жазды KYN.KZ сайты.
Сәдуақасова Instagram желісінде топ мүшелерінің сұранысы бойынша аяқкиімін көрсеткенін айтты.
«Аяқ киіміңді көрсетші. Бойың бір түрлі ұзарып кеткен бе?» деп сұраған соң, амал жоқ көрсеттім туфлиімді», - дейді әнші.
Бейнероликтен «Ялла» тобының тақырқап көз ала алмай, бір жағынан ыңғайсызданып тыпыршып қалғанын көреміз.
Оның айтарлықтай биік біз өкшемен жүргенін көрген желідегі жұрт та таңқалысын жасыра алмай, жарыса жазуда.
«Мәссаған неше см? Құлап қалмашы мынаумен», «Сұлу келіншекке биік болу міндетті емес,құласаң бітті ғой», « Мадинаның бойы 157 болу керек», «Аузын жапты ғой, шок болды-ау», - дейді әншінің оқырмандары.