Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытгүл Хаменова: Әділетсіздік пен қиянат салтанат құрған күн болды (видео)

Бақытгүл Хаменова: Әділетсіздік пен қиянат салтанат құрған күн болды (видео)
ашық дереккөз

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот процесінде Бақытгүл Хаменова соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.

«Сот менің және Рысқалиевтің, Адамовтың мәлімдемесін ескеріп, жеке қаулы шығаратынына сенгім келеді. Нәтижесінде қылмыстық істі ойдан шығарған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалады деп ойлаймын. Ол адамдар біз ойлағаннан да қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін. Себебі істі адал тергеу үшін тек айқын фактіні қабылдау қажет еді. Сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы деген түсінікті елемей, ашық түрде заңсыздықты негізге алу арқылы істің ұзаққа созылуына үлес қосқандар да назардан тыс қалмауы қажет. Азаматтар сот төрелігіне деген сенімін бекерден-бекер жоғалтқан жоқ. Сенбей, дұрыс істейді. Бұл іс сенуге болмайтынын көрсетті», – деді Хаменова.

Сондай-ақ сот залынан шыққаннан кейін қалың көпшілікке сот шешімімен келіспей, соңына дейін күресетінін ашық айтты.

«Бұл шешіммен мүлде келіспеймін. 11 ай бойы тар қапаста жатқанда да ақиқатты айтып, шындықты сөйлеп, осымен күрестім. Күресе де беремін. Аққа Құдай жақ. Әлі апелляциялық сот бар, жоғары сот бар, халықаралық сот бар. Шындықтың жер бетіне шығатынын білем. Маған зорлық пен қорлықты көрсеткен адамдарға айтарым: Адамның сотынан құтылғанмен де, Алланың сотынан ешкім де құтылмайды. Өкінішті! Бүгін әділетсіздік пен қиянат салтанат құрған күн болды», - дейді 7 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытгүл Хаменова.

https://www.youtube.com/embed/A8vo9Cw-P0k
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар