Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қуандық Шәкіржанов Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын айтты

15.11.2022
0
Қуандық Шәкіржанов  Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын айтты

Актер Қуандық Шәкіржанов әлеуметтік желіде тараған бейнероликте Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын жеткізді деп жазды «OZMZғой» бағдарламасына сілтеме жасаған KYN.KZ ақпараттық порталы.  

17 қараша күні премьерасы болатын «Донор» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын актер Қуандық Шәкіржанов түсірілім барысында болған жайтты айтып, Есентаевамен неге және қалай сүйіскенін айтты.

  • Қуандық Шәкіржанов  Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын айтты

«Кино болған соң бәрі де болады ғой. Киноның да сценарийі бойынша солай болу керек. Былай әзіл ретінде де. Біз, Баян – бәріміз замандаспыз ғой. Менен кіші ғой ол. Бірақ ол да актриса, режиссер. Сондықтан өзіміздің киноның арасында түсірген достық әзіл. Неше түрліні айтуы да мүмкін. Балалар репитиция кезіндегісін салып жіберіпті. Қаншама дубль болады ғой. Ақыры салғаннан кейін дұрыстап сүйіскенді салу керек еді. А то мені сүйісе алмайды екен деп ойлап қалады», — деп қалжыңаралас өкінішін білдірді.

Аталған жағдайдың елдің талқысына түсіп, сынына ұшырағанын да тілге тиек етті.  

«Халық арасында не айтылып жүргенін білмейміз. Бірақ білеміз бір әңгіме айтылып жүргенін», — дейді актер.

Ал фильмнің продюсері Дастан Қалдыбаев бұл жағдайда ақталмайтынын айтып, тек киноны көруге шақырды: «Алдын ала киноны көрмей жатып, историясы не туралы болатынын білмей жатып, неше түрліні жазып жатқандар бар. «Мынау не?» деп. Мен олардың бәріне жауап беріп отыра алмаймын. Бетпе-бет келіп сұрағандарға айтам, киноны көру керек».

Бөлісу142Твит89
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.