Қуандық Шәкіржанов Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын айтты
Актер Қуандық Шәкіржанов әлеуметтік желіде тараған бейнероликте Баян Есентаевамен дұрыстап сүйісе алмай қалғанын жеткізді деп жазды «OZMZғой» бағдарламасына сілтеме жасаған KYN.KZ ақпараттық порталы.
17 қараша күні премьерасы болатын «Донор» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын актер Қуандық Шәкіржанов түсірілім барысында болған жайтты айтып, Есентаевамен неге және қалай сүйіскенін айтты.
«Кино болған соң бәрі де болады ғой. Киноның да сценарийі бойынша солай болу керек. Былай әзіл ретінде де. Біз, Баян – бәріміз замандаспыз ғой. Менен кіші ғой ол. Бірақ ол да актриса, режиссер. Сондықтан өзіміздің киноның арасында түсірген достық әзіл. Неше түрліні айтуы да мүмкін. Балалар репитиция кезіндегісін салып жіберіпті. Қаншама дубль болады ғой. Ақыры салғаннан кейін дұрыстап сүйіскенді салу керек еді. А то мені сүйісе алмайды екен деп ойлап қалады», - деп қалжыңаралас өкінішін білдірді.
Аталған жағдайдың елдің талқысына түсіп, сынына ұшырағанын да тілге тиек етті.
«Халық арасында не айтылып жүргенін білмейміз. Бірақ білеміз бір әңгіме айтылып жүргенін», - дейді актер.
Ал фильмнің продюсері Дастан Қалдыбаев бұл жағдайда ақталмайтынын айтып, тек киноны көруге шақырды: «Алдын ала киноны көрмей жатып, историясы не туралы болатынын білмей жатып, неше түрліні жазып жатқандар бар. «Мынау не?» деп. Мен олардың бәріне жауап беріп отыра алмаймын. Бетпе-бет келіп сұрағандарға айтам, киноны көру керек».