Басты жаңалықтар

Қарақат Әбден өзін «тәжірибесі аз» деп сынаған Салтанат Тұрсынбековаға жауап берді

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекованың Қарақат Әбденнің саяси тәжірибесіне қатысты сыни пікірі жауапсыз қалмады, деп жазды KYN.KZ.

Үміткер Тұрсынбековаға берген жауабын өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Кейбір кандидаттардың маған ерекше ықылас білдіріп, сайлауалды бағдарламамды өте мұқият зерделеп шыққаны үшін алғыс айтамын. Бағдарламаға мәслихатта, мемлекеттік басқару секторы мен қоғамдық қызметте жинақтаған ұзақ жылғы тәжірибем негіз болды.
Бір бастаған істі соңына дейін жеткізетін әдетімді менің жақтастарым, көптен бері бірге жұмыс істеп келе жатқан кісілер мен бастамаларымды қолдайтын жандар жақсы біледі. Өзге кандидаттарға бұдан басқасын білудің қажеті жоқ», - деп жазды үміткер.

Сонымен қатар Қарақат Әбден алда атқаратын жұмыс жоспарының бір бөлігін айтты. Өзге кандидаттарға сәттілік тілеп, оларды шектен шықпауға шақырды.  


«Аз сөйлеп, көп іс тындыр» демекші, халқымыз ежелден-ақ аз сөзді алтынға балаған. Күшім де, тәжірибем де жеткілікті», - дейді ол.

Айта кетейік, үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарақат Әбденнің бағдарламасын сынап, тәжірибесі аздығын айта келе, өз штабына қосылуға ұсыныс жасаған еді.