Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Психолог Ержан Мырзабаев: Жаңа үйленген жастар әке-шешеден бөлек тұрғаны дұрыс

15.11.2022
0
Психолог Ержан Мырзабаев: Жаңа үйленген  жастар әке-шешеден бөлек тұрғаны дұрыс

Түрлі отбасылық мәселелерге қатысты өткір ойларымен, пайымды пікірлерімен ел назарын аудыртқан отбасылық №1 психолог Ержан Мырзабаев жаңадан отбасы құрған жастарға біраз уақытқа әке-шешесінен бөлек шығуға кеңес береді, деп жазды Тимур Балымбетовтің «Ашығын айтқанда» тележобасына сілтеме жасаған KYN.KZ ақпараттық порталы.

Ержан Мырзабаевтың сөзіне сенсек, бұл әр адам баласының тұлға болып қалыптасуына, жауапкершілікті өзіне алуға дағдылануға мол ықпал етеді.  

«Жалпы менің берер кеңесім: Үленген әрбір жұп екі-үш жыл бөлек тұруы керек. Жағдайы болсын, болмасын, үйі бары, жоғы да екі-үш жыл бөлек тұруы керек. Бұл – қазақтың салты. Өйткені, қазақтар үйленген адамды отау иесі деп атаған. Үйленгендерге кішігірім болса да, бөлек бір киіз үй салып берген.

Өйткені сен бөлек тұру арқылы ғана жеке тұлға ретінде қалыптасасың. Бөлек тұру арқылы ғана жауапкершілікті сезінесің. Бөлек тұру арқылы ғана бір-біріңе үйренесіңдер. Қыз бен жігіт болып қанша жүрсеңіздер де, ешқашан ерлі-зайыптылар сияқты қарым-қатынаста бола алмайсыздар. Қыз-жігіт болу басқа, ерлі-зайыпты болу басқа. Аспан мен жер сияқты», — дейді психолог.

Сондай-ақ ене мен келін арасында болатын түрлі жағдайларға байланысты да тұщымды пікірлерін ортаға салды.

«Қыз бала ұзатылғанда «Барған жерде тастай батып, судай сің» дейді. Көп адам бұны «сенің барған жеріңнен өлігің шығу керек, сол жерден шықпауың керек, қалуың керек, тұруы керек, отбасыңды ұмыт, араласпа, сол үйге қызмет етуге келдің» деп түсінеді.

Мәселенің түбіне қарайтын болсақ, тастай бату үшін түскен жерің судай жұмсақ болу керек, судай сіңіп кету үшін барған жерің топырақтай құнарлы болу керек.

Бұл жерде терең философия неде? Бір жағынан қызға айтып жатыр, тастай батып, судай сің деп, екінші жағынан қызды келін ретінде алып жатқан ата-енесіне айтып жатыр. «Сіз мына келінге судай жұмсақ болатын болсаңыз, топырақтай құнарлы болсаңыз, ол сізге сіңіп кетеді. Ал сіз бетон граница сияқты тұрсаңыз, тас пен тас соғылған кезде не ана жақ сынады, не мына жақ сынады.

Көп жағдайда әйел кісілер өзін енесімен салыстырады. Енем мақтаса, мен жақсы адаммын, енем жамандаса, мен жаман адаммын, деп енесінің ойына тәуелді болып қалады.

Құрметті қыз-келіншектер, қарындас-әпкелер! Сіз өз алдыңызға жеке тұлғасыз. Үлкен кісілердің не айтқаны қатты маңызды емес. Сіз акцентті енеге салған сайын, конфликт, проблема ұштала береді. Акцент күйеуге берілу керек»,-дейді ол.

Бөлісу95Твит60
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3919 бөлісу
    Бөлісу 1568 Твит 980
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4844 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2131 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1713 бөлісу
    Бөлісу 685 Твит 428
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1467 бөлісу
    Бөлісу 587 Твит 367
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1297 бөлісу
    Бөлісу 519 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.