"Онлайн ұзату" АҚШ-та оқуда жүрген қызды ата- анасы Қазақстанда отырып ұзатты (видео)
Желіде онлайн форматта ұзатылған қыз жұртшылықтың назарына ілікті, деп жазды KYN.KZ сайты.
Америка Құрама штаттарында білім алып жатқан екі жас онлайн отау құрып, дүбірлі той өзкізді. Желіде тараған бейнероликке назар аударсақ, жас жұп камераның қарсы бетінен қарап, қонақтардың айтқан тілектеріне бас изеп, қол бұлғап отыр.
Екі жастың монитордағы бейнелеріне тамсанған той қонақтары жарыса телефондарына түсіруде. Тойдың негізі себепкерлері болмаған соң, келушілер де аз көрінеді. Ал аталған жағдайдың желідегі куәгерлері күлкісін жасыра алмай, неше түрлі пікірлердің тиегін ағытты.
«Осыған да жетіппіз, Алла», «Не боп кеткен?», «Тупизм», «О заман да, бұ заман қызды онлайн ұзата ма?», «Ұзату болса, қыз неге тақия не сәукеле киіп отырмайды?», «Біздің елде бәрі де мүмкін», - дейді желі қолданушылары.