Басты жаңалықтар

Жақындарының мазағына шыдамаған аспаз тамаққа у қосып берген

Ол 88 адамның өміріне қауіп төндірген

Үндістандық келіншек тамаққа у қосу арқылы адамдардың өміріне қауіп төндірді деген айыппен ұсталды деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 23 жастағы Прадню Сурвейс Үндістанның Халапур қаласында тұтқындалды. Келіншек берген кешкі астан соң бес адам қаза тапты. Келіншек кейбр тағамдарға жыланды өлтіруге арналған ұнтақ қосқанын мойындады. Полицияның анықтауынша ол соңғы екі жыл бойы оның аспаздық қабілетіне күмән келтірген туысқандарын өлтіруді жоспарлаған. Кешкі асты оның туысы ұйымдастырған. Асқа 120-ға жуық қонақ келген, оның ішінде Сурвейстің де туысқандары болды. Бірнеше сағаттан соң келген қонақтар іштері аырып, құса бастаған. Нәтижесінде 88 адам ауруханаға жеткізіліп, оның ішінде 5 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар да болған. тергеу барысында ашуланшақ аспаз келіншек қылмысты әдейі жасағанын мойындады.