Басты жаңалықтар

Министрлік өкілі депутаттың қазақша қойылған сұрағына жауап бере алмады

Ұлттық экономика министрлігінің қызметкері қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап бере алмады, деп жазды KYN.KZ сайты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Ұлттық экономика министрлігіне: «Қанша балықшыны даярладыңыздар? Қанша балықшы диплом алып, ауылға барды? Қанша балықшы үй алды және әлеуметтік қолдау алды? 2009 жылдан бері 13 жылда қанша балықшыға қолдау көрсеттіңіз? Қанша балықшы бар 2009 жылдан бері? Есебі бар ма сізде», - деген сұрақ қойып еді.

Қазақ тілінде қойылған сұрақты жете түсіне алмаған министрлік қызметкері: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралар ретінде бір м...айға есептік к-к-к-көрсеткішті, көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төлемдері. Тұрғын ұй сатып алуға арналған 0,01% мөлшерлемесінмен 15 жылға дейінгі мерзімге 1500 айлық көрсеткіші мөлшерінде бюджеттік кредит қарастырылған», - деп жауап берді.

Жауапқа көңілі толмаған депутат өзі қойған сұрағы балықшылар туралы екенін, жауаптың мүлде басқа тақырыпта берілгенін айтып ренішін білдірді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын біз сізден артық білеміз. Қанша қаражат бөлінгенін, қалай іске асып жатқанын».