Шымкентте бес жігіт 15-тегі қызды пәтерге қамап бірнеше уақыт зорлаған
Шымкентте бес жігіт жабылып он бес жастағы қызды зорлаған. Болған қылмыс бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Бұл туралы ақпаратты желіге жәбірленушінің өкілі жүктеді. Созінше бес ер адам қызды пәтерге алып кіріп, жабық балконға қамап ұстаған. Үй иесі қызды асүйге кіргізіп зорлап бастаған, соңынан достары кезекпен кірген.
Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі ("Зорлау, адамдар тобымен жасалған әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетері, осы қылмыс үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.