Назарбаев Антальядағы өзіне тиесілі 5 жұлдызды қонақ үйін мемлекет меншігіне берді
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Антальядағы өзіне тиесілі Rixos Beldibi қонақ үйін ҚР Президенті Іс басқармасына берді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Forbes.kz. басылымына сілтеме жасап.
Наурыз айының соңында Қазақстанда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Содан кейін белгілі бір активтердің мемлекет меншігіне өтуі туралы жаңалықтар пайда бола бастады.
Бірақ бұл қайтарылған активтер туралы ресми түрде жарияланған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың иелегіндегі Антальядағы Rixos Beldibi қонақүйі ҚР Президенті Іс басқармасына берілді. Бұл нысан Қазақстанда «Алатау» қонақ үйі» АҚ ретінде тіркелген.