Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үш айлық баласымен таксиші болған келіншекке көпшілік пәтер сыйлайтын болды

Үш айлық баласымен таксиші болған келіншекке көпшілік пәтер сыйлайтын болды
ашық дереккөз

Әсел екі баланың анасы. Үлкені он екі жаста. Кішкентайы жақында үш айға толған, деп жазды KYN.KZ Мұхтар Өміртайға сілтеме жасап.

"Балам кішкентай кезден бастап осылай жұмыс істеп жүрдік. Қазір үш айдан асты, Медина қимылдап, тыныш жатпайтын болып жүр. Одан қалды көлігім де бұзылғалы біраз уақыт. Артқа қарай жүрмейді. Тек алдыға қарай басып жүрміз. Астананың Оңтүстік Шығысында жатақхананың бір бөлмесін жалға алып тұрамыз",-деді келіншек.

Бұған дейін такси шақырған Астана тұрғыны өзін тиісті орынға жеткізу үшін кішкентай баласымен келген келіншекті көліктің артқы отырғышында отырып видеоға түсіріп алған еді. Көпшілік жағдайға бірден алаңдаушылық білдіріп, әйелге ақша жинап берді. Енді екі баланың анасы баспаналы болатын болды. Бірақ пәтер кілті әлі табысталған жоқ. Алдағы уақытта берілетіні айтылды. Бірақ сыйлық дайын деп отыр журналист Мұхтар Өміртай

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар