Тик-Ток арқылы 7-10 жасар қыздардан жалаңаштанған суретін сұраған: Алматыда интернет педофил ұсталды
Алатау ауданы прокуратурасының тексерісі барысында мектеп жасындағы оқушы қыздарға Тик-Ток желісі арқылы хат жазып, жалаңаштанып суретке түсуін сұрайтын адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ. Ол бір емес бірнеше балаға солай жазған. Сурет үшін ақша ұсынған және оны үйдегі үлкендерге айтуға болмайтынын түсіндірген. Бұл біздің құпиямыз деп ойын түрінде алдаусыратқан.
Мұндай әрекетке барған 27 жастағы Ақтөбе облысының тумасы Алматыда ұсталды. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Ол балалардан алған жалаңаш суретті шетелдік порно сайттар мен желі парақшаларына жүктеп ақша тапқан көрінеді.
Ол қазір тергеу абақтысына қамалды. Қылмыстық іске қатысты 10-15 жыл қамау мерзімі белгіленген. Қылмыс тергеліп толық дәлелденген сәтте барып, сот нақты үкімін оқитын болады.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының желідегі әрекетін қатаң қадағалауға кеңес берді. Себебі мұндай еркіндік офлайн кездесуге де ұласуы мүмкін, салдары үлкен қайғыға әкелері анық