Басты жаңалықтар
Дәрі ішпек болған қарт байқаусызда ағартқыш ішіп қойды
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2018
- 316
Ол химиялық тазалағышты ішемін деп өлім аузынан қалды
65 жастағы Швейцария тұрғыны дәріні ағартқышпен шатастырып алып, ауруханаға түсті деп KYN.KZ Lenta.ru парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қарт дәрі ішкісі келген, бірақ оны химиялыө сұйықтықпен шатастырып алады. Ол сол сәтте күйікті сезініп дәрінің жартысын аузынан төгіп тастайды.
Дәрігерлер алғашында ер адамға қалай көмектесу керектігін түсінбей, тек қана дәрі беріп, алты сағат бойы бақылаған.
Сәлден соң қарттың тамағы ауырып, дауысын жоғалтып алады. Ол соңғы екі апта бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Айтуынша қазір есінде көп нәрсе жоқ.