Басты жаңалықтар

Қызылордада туған құда баласы,6 баланың әкесі мүгедек құдашасын өз көлігінде қорлаған

27 жастағы мүгедектер арбасына таңылған Ақжібекті туған әпкесінің қайнысы зорлап, "тіс жарып біреуге айтар болсаң бауыздап өлтіремін" деп қорқытқан. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды.

Жарымжан қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

" Үшінші қызымның туған қайнысы арбаға таңылған қызымды зорлады. Ол 37 жаста. Алты баланың әкесі. Қызды арбасымен сүйреп көлігіне отырғызып алып кетіпті. Көк желкесінен ұрып, көлігінде зорлаған. Қызым екі кештің арасында келіп тұр.

Жаңағы құдабала алып келген. Не болды? десем жылайды. Қолымен көрсетіп, "Айтсаң өлтіріп кетемін, бауыздаймын" деп қорқытқанын түсіндірді. Ана байқұс қайтсін, бірден мынажағың аман ба? деп сұрадым. Басын шайқады. Содан ашып айтқаны, көлікте зорлап, үйге әкеліп тастаған түрі екен",- дейді Ақжібектің анасы Ғалия Үсенова.