Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жұбайынан қорлық көрген әйел: Күйеуім мені жалаңаш көшеге шығарып жібереді

16.11.2022
0
Жұбайынан қорлық көрген әйел: Күйеуім мені жалаңаш көшеге шығарып жібереді

Алматылық келіншек жұбайынан қорлық көріп, шұрқ тесік үйді паналап жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы «Астарлы ақиқат» ток-шоуына сілтеме жасап.

Алматы облысы Береке ауылының тұрғыны Гүлжазира Ерманованың ажырасқан күйеуі күнде келіп қорлық көрсетеді. 7 жыл бұрын отау құрған жары ақша таппайды, балаларын бақпайды. Күйік болған күйеу Гүлжазираны үш баласымен қоса аш-жалаңаш тастап кетеді. Ішерге ас, киерге киімі жоқ байқұс ана қоқыс аралап, темір теріп, күнін көріп жүрген. Енді әйелінің жағдайының жоқтығын, балаларына тамақ бермейтінін, дұрыс қарамайтынын айтып, балаларын әйелінен алып та қойған.

Гүлжазираның айтуынша, күйеуі өзіне айтпай, сыртынан біржақты ажырасып та кеткен. Жауыз күйеудің ұл-қыздарын алып кеткеніне, ана жүрегінің балаларын сағынып жүргеніне 3 ай болды.

2 жыл бұрын басқа әйелмен көңілдес болған жұбайы бірінші перзенті туғаннан бері ұрып-соғып келеді. Тіпті Гүлжазираны тырдай етіп, сыртқа қуып жіберген күндері де болған. Әйел балаларының әкесіне миллионды қамтитын ақшалай һәм заттай кредит алып беріп, бүгінде өзі төлеуге мәжбүр болып отыр. Полицияға бірде-бір рет арызданбаған келіншек: «Күйеуім жүк тасушы болып жұмыс істейді. Үсті-басы шаң болып жүреді ылғи. Оңай жұмыс емес. Күйеуімді аядым», — дейді.

Құдай қосқан жары көзіне шөп салғанын білген Гүлжазира: «Тоқсанбай көңілдесіне менің балаларымның тамағынан жырып, ақша беріп отырған. Оны өз көзіммен көрдім», — дейді. Жазираның айтуына сенсек, енесі де келінін ұнатпай, аузына келгенін айтады.

— Иттен туған бұлар. Мал болып кеткен.  

Күлжазира «үйімнің қасынан бөтен кісідей өтіп кетеді», деп айыптаған Тоқсанбай Өтебаев, керісінше, күнде азық-түлік, керек-жарағын алып беретінін, анасы да әкеліп беретін, әйелінің өзі алмай қоятынын айтып ақталуда.

Жабайы жұбайының қорлығын көп көрген Гүлжазира күйеуі Тоқсанбайдан төртінші баласына жүкті екенін де жасырмады. Ал Тоқсанбай баланың өзінікі емес екенін айтып, мойындамай отыр.

Қоғамды қаптаған кедейшіліктің кесірінен белең алған мұндай жағдайда не істеу керек? Әрине, бір мәмілеге келіп, отбасының ауыртпалығын екі жас жұмыла көтермесе, екі ортада зардап шегетін балалар болмақ. Аталған жағдайда да балалар қараусыз қалып, тіпті екі апта бойы тамақсыз отырған.

Болған жайт саралана келіп, балаларын жастайынан тағдырдың тезіне қолдан түсіріп отырған ата-ана бірі-біріне кешірімін беріп, келісімге келді.

Бөлісу59Твит37
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1379 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.