Джунглиде ерлер алғашқы неке түнін кәрі кемпірмен өткізеді
Неліктен Кагубо тайпасының ерлері әйелдерінен жасырынып, өмір бойы жалғыз тұру үшін бөлек баспана салады?
Бұл тайпада бәрін басқаратын – ерлер емес, әйелдер. Барлық маңызды мәселелерді әйелдер шешеді. Әйелдердің рұқсатынсыз баспана да салынбайды, мал да сатылмайды. Тіпті балаларының кіммен отау құратыны да әйелдердің еншісінде.
Бір қызық дәртүр: ер жігіттер алғашқы неке түнін тайпадағы шашы мен тісі түгел түсіп, денесін әжім басқан ең кәрі әйелмен өткізу керек. Олар жас жігіттерге болашақ әйелдерінің көңілінен шығу үшін жасалатын барлық амалдарды үйретеді. Егер ер адам қарт әйелді қуанта алса, онда ол өз әйелін бақытты ете алады деген түсінік қалыптасқан.
Мұндай көріністен кейін кагубо тайпасының еркеккіндіктілерінің үйленіп, үй болуға, ұрпақ көбейтуге деген ынтасы құрып, өздерін әйелдерден аулақ ұстауға тырысады. Әлем бойынша төсектен қашатын ерлер осы тайпада ғана өмір сүреді екен. Аталған рәсімнен кейін кез келген әйел ерлердің көзіне жиіркенішті болып көрінеді. Ал тайпаның әйелдері, керісінше, өздерін өте еркін сезініп, батылдығы арта бастайды. Өздері таңдап алған ерлерін, тек пайдаланып, ұрып-соғып, оларға үстемдігін көрсетеді. Әйелдерге қарсы келіп, шу шығарған еркектерді дереу қолға алып, екі аяғын бір етікке тығады. Әйелдері қараусыз қалдырған еркектер Джунглиге қашып кетіп жатады. Қашып кеткен екінші жартысын табу үшін әйелдер арнайы жасақ жинап, оларды табуға аттанады. Бұл кезде әйелдерінен қашқан еркектер Джунглиде бөлек үй салып, еркектік міндетін атқарудан жалтарып, жауыз әйелдерінен жасырынып жатады. Қашқын күйеу табылса, тайпаға қайтарылады.
Қанша қашқанымен тайпаға қайта оралатынын білсе де, ерлер қауымы қашуын қоймайды. Себебі кәрі кемпірмен өткен махаббат түні психоэмоционалдық күйіне қатты әсер етіп, әйелдерге қорқыныш, үрей һәм жиіркенішпен қарайтын болады.