«Төреғали, Димаштың аналары үлгі аларлық аналар»: Қайрат Нұртастың анасы жұбайымен айтқан әнін желіге салып, оқырмандарының сынына ұшырады
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жұбайымен орындаған әнін жариялап, жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
«Бәріңіздің жан-ұяларыңызда той болсын, елімізде тыныштық тек жақсылықтарымызбен бөлісуді жазсын Алла!», - деп жазды тойды қыздырған Гүлзира Айдарбекова. Бұған дейін де Нұртас Айдарбековпен бірге орындаған әндерін жариялап жүр әншінің анасы. Оның бұлай жүргенін ерсілікке балаған желідегі оқырман ұнатпай, біраз әңгіме айтып тастады Айдарбековаға.
«Осынша жасқа келіп қылықтарың, тірліктеріңнің бәрі ерсі. Жастарыңа қарай өмір сүрсеңдерші. Балаларыңмен жарысу ұят, өте ерсі», «Құдандалы, немерелі болдыңдар. Қайда барсаң да, соткамен селфи, тікелей эфирлетіп жүресіз. Өте ерсі! Жасыңызға сай салмақты болуды үйренсеңізші. Көп әншілердің ата-аналарына риза боламын. Олардың ән айтуды үйретіп қойса, олар да айта алады. Төреғалидің ата-анасы, Ернардың анасы, Димаштың анасы. Міне, үлгі аларлық аналар», «Ұялмаған әнші болады. Ұятсыздар, ұялмаңдар! Ұялмаған біреудің шиедей қылады. Сендер үшін мен ұялып отырмын. Кәрі түйелер! Ойнақтап жұт шақырмаңдар», - деп сынай жазуда Айдарбекованың оқырмандары.