Үйлену тойында күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісі ақ көйлекпен келіп, шу шығарды
Бойжеткен көпшіліктің көзінше жігіттің тек өзіне үйленуі керек екенін айтқан
Оңтүстік Африкада сүйіктісіне алданып қалған бойжеткен оның тойына қалындық көйлегін киіп келіп, шу шығарды деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Видео Бенони қаласында түсірілген. Байқауымызша қалындық көйлегін киіп келіп, той үстінде шу шығарған бойжеткен, күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісі. Жігіт онған айқайлап тезірек кетуін өтініп жатыр, ал қалыңдық барынша сабыр сақтап, неке қию рәсімінің басталуын күтіп тұр. Желі қолданушылары қыздың тойға келуге дейін барған батылдығына қайран қалды. Олар: "Әрбір жігіттің осындай көңілдесі бар шығар", - деп жазды. Ал енді біреулерлері неке сарайындағы негізгі қалыңдықтың сабырлы екенін сөз етті.