Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтынай Жорабаева өзіне қарсы пікір айтқан оқырманын "Халық жауы" деп атады

Алтынай  Жорабаева өзіне қарсы пікір айтқан оқырманын "Халық жауы" деп атады
ашық дереккөз
Әнші: Мен ешқандай хайпсыз-ақ 20 жылдан бері танымалмын
Танымал әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасында әріптестерінің пікіріне қарсы сөйлеймін деп, халықтың сынына ұшырады. Әнші қытайлыққа тұрмысқа шыққан қыз бен оның осы шешімін қолдаған өнер адамдарына қарсы ойын айтқан еді. "Алла сақтай гөр! Намыс қайда. Алла бетін аулақ қылсын . Өнер адамдарының осыны қолдағандары жағаны ұстатты : "киімін киюге, теxнологиясын пайдалануға болады да , тұрмысқа шығуға болмайды ма ? Жүрекке әмір жүрмейді " деген не сөз?. Ол жүректің дұрыс әмір беруі үшін, ұлтымыз , дінімізді құрметтеу, сую дегенді ата-ана санаға құю керек қой . Сүюдің жағдайы осылай екен деп , дінді сатып бетімен кету емес қой. Басқа ұлтқа құрметпен қара, Сыйлау керек, өйткені біздің атамыз Қазақ қонақты сыйлап, төрге отырғызған , дұрыс. Бірақ оған қаныңды араластырып, тегіңді былғау деген емес қой , айналайын-ау",- деп жазған еді Алтынай Жорабаева. Осы жазбадан кейін орыс тілінде жазылған пікірдің барлығы әншінің ойлау жүйесі төмен екенін айтқан. Ал қазақ тіліндегі пікірлердің көбі Алтынайды қолдай түскен. " Сіздер бірінші ана тілді меңгеріп алыңыздар, дінімізді зерттеңіздер. Өз тілін, дінін білмейтін кісіден халық жауы шығуы әбден мүмкін. Мен ешқандай хайпсыз-ақ жиырма жылдан бері халқыма танымалмын. Сіздердің ақылдарыңыз қажет емес маған",- деп жазды әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар