Басты жаңалықтар

Ауыл тұрғындары мал бағу үшін тікұшақ сатып алды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан Айыртас ауылының тұрғындары малдарын тікұшақпен жайғап жүр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

«Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз. Сол себепті ауылымызға халық болып жиналып, тікұшақ сатып алдық. Қазір малдың бәрінде GPS бар. Аппарат арқылы жылқылардың қай жерде жатқанын қараймыз. Кімнің үйірі қайда жатқанын көрсетіп тұрады. Мал шаруашылығын дамыту үшін осындай қадамға бардық. Сіздерге де осы кеңесті береміз», - дейді тұрғын.

Шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін бұл тікұшақ жедел жәрдем міндетін де атқарып жатыр. Аяқасты сырқаттанған тұрғындарды ауруханаға жылдам жеткізуге пайдаланылып жүр. Сағатына 200 литр керасин жейтін әуе көлігі үшін жылдық жанармайын да алып, қамданып қойған.