Павлодарда оқушы мектептегі ашық сабақтан кейін өгей әкесінің өзіне бірнеше рет азғындық жасауға әрекеттенгенін түсініп, анасынан көмек сұрады
12 жасар қызға зорлық жасау жағдайын полиция қызметкерлері тергеу үстінде, деп жазды KYN.KZ.
Оқушы қыз мектебінде азғындық әрекет, зорлық-зомбылықтан қорғану жайлы тәрбие сағатын өткен көрінеді. Содан кейін де анасына басынан өткен барлық жағдайды, өгей әкесінің өзіне тиіскенін де ашып айтқан. Әйел болған жағдайды естіген соң, дереу ер адамды қуып шыққан.
Өгей әке жеткіншекке азғындық әрекетін жасауға үлгермепті. Қызынан болған жағдайды ести сала әйел полицияға шағымданып, артынша ажырасуға да арыз берді. Күйеуі кінәсіз екенін, баласының өтірік айтып отырғанын айтып ақталуда. Алайда ана баласының сөзін сөйлеп отыр.
Тергеу амалдарының жүргізіліп жатса да, өгей әке әзірге бостандықта жүр. Кінәлі деп табылған жағдайда қызмет істеу құқығынан өмір бойына айырылуы ықтимал.