Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстау облысында әжей бір қолымен кір тасын 10 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды (видео)

Маңғыстау облысында әжей бір қолымен кір тасын 10 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды (видео)
ашық дереккөз

Маңғыстау облысында 60-70 жас шамасындағы әжей шамамен 24 келі тартатын кір тасын бір қолымен еркін көтеріп, көпшілікті таң қалдырды, деп жазды KYN.KZ сайты Астана арнасына сілтеме жасап.

Аталған көрініс әлеуметтік желіде тараған. Бейнероликтен әжейдің кір тасты оң қолымен 10 рет өте оңай көтергенін көруге болады.

Ондағы куәгерлердің сөзінше, бұл кір тасын ер азаматтар бес-ақ реттен көтерген.

Желі қолданушыларының айтуына қарасақ, бұл сайыс облыстағы елдімекендердің бірінде шілдехана тойында түсірілген. Ерлерден оқ бойы оза шапқан әже жүлдеге қой алған.

https://www.youtube.com/embed/8G8XrQYv5lA
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар