Басына Қазақстан туының суретін салып, рэп орындаған ақтаулық блогер елді сайлауға шақырды (видео)
Махмуд Хикматов есімді ақтаулық блогер басына көк тудың суретін салып, қазақстандықтарды сайлауға шақырды, деп жазды KYN.KZ сайты.
Ол Instagram желісінде жариялаған қысқаша бейнежазбасында рэп жанрында ән орындайды. Ән мәтінінің негізі «Жаңа Қазақстанды құрметтеп сайлауға кел!» деген мағынада жазылған. Сондай-ақ басына «сайлау» сөзін қырып жазған.
«Басыңа туыңды киіп жүруден асқан не бар? 20 қарашада сайлауға барудан асқан не бар», - дейді блогер.