Топастықтың белгісі: Бұрынғы депутат Алдан Смайыл көп әйел алуға қарсы болып шықты
Кейбір депутаттар көп әйел алуды заңдастырмақ болған
Мәжілістің бесінші шақырылымының депутаты, жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл өзінің бұрынғы әріптестері көп әйел алуды заңдастыратын ұсыныстар айтқанын атап өтті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған KYN.KZ Қазақстан Республикасы діннен бөлек зайырлы мемлекет болғандықтан, Алдан Смайыл өз сөзінде екі әйел, төрт әйел алуға қарсы шыққанын айтқан. Парламент мәжілісінің төртінші шақырылымы кезінде тіпті кейбір депутаттар заңды қарап отырып, көпәйелділікті заңдастыру туралы ұсыныс тастағанын айтып өтті. Екіншіден, ата-бабамыз бір әйел, екі әйел, үш әйел алса, ол сол кездің жағдайына сәйкес мүмкін болған дүние. Жаугершілік заман болды, балалар көп шетінеп кетіп жатты, ер адамдар соғыста көп өлді, ұлтты сақтап қалу керек болды. Бірақ бұның бәрі қазіргі заманда жоқ. Қазір біз өркениетті Еуропа елдерімен қарым-қатынас орнатқаннан кейін, өзімізді қайтадан жабайыландыруға болмайды. Мен мұны мәдениетсіздіктің, надандықтың, топастықтың белгісі дер едім. Үшіншіден, осыған жел беріп жүрген діни ағымдардың өкілдері, салафиттер, уахабшылдар деп ойлаймын. Олардың арасында мүйізі қарағайдай азаматтар бар. Төртеу, бесеуді былай қойып, сегіз, тоғызға дейін кетіп жатыр. Қоғам бұны көріп отыр, біліп отыр. Мәселе, міне, соларға заңды түрде тыйым болмай отырғандығында", — дейді Алдан Смайл. Алдан Смайыл көп әйел алуға тыйым салу туралы заңды министрліктегілер де, депутаттар да қолдамайтынын және ол туралы еш жерде сөз қозғағысы келмейтінін айтты