Ақмола облысында жер астынан мұнай тәріздес сұйықтық атқылап шықты (видео)
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында жер астынан мұнай тәріздес сұйықтық атқылап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Бейнежазба авторының айтуынша, ауыл тұрғыны газ алу мақсатында қазған жерінен не су емес, не лай емес, белгісіз сұйықтық атқылаған. Оны көрген тұрғындар сұйықтықты мұнай деп болжауда.
«Мұнай атқылап жатыр, мұнай. Өз көзіммен көрдім ғой», - дейді жерді қазған ауыл түрғыны.
«Бұлақ немесе вулкан», «Жанар тау. Мұнай», «Жерасты ыстық суы болуы мүмкін», «Құбыр жарылған шығар», «Ыстық бу», - деп түрлі болжамдарын жазуда желідегі оқырман.