Жетісу әкімі: Халық қолдаса Талдықорғандағы Назарбаев көшесін Тәуелсіздік деп ауыстыруға дайынбыз
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исаев халық қолдаса, Талдықорғандағы Назарбаев көшесінің атауын өзгертуге дайын екенін және бұрынғы президентке арналған ескерткішті жөндемейтінін мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, оның орнына Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазір Алматыда жасалып жатқан ол ескерткіш бір-екі айдан кейін дайын болады екен. Биіктігі – 9 метр, ал құны 300 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Әкім ескерткішті Талдықорған қаласының орталығына орнату қажеттігін айтса, жергілікті тұрғын оны Абай көшесіне қоюды ұсынған.
Бейбіт Исаев бұл ұсынысты жұрттың көбі қолдап жатса, құлақ асуға дайын екенін айтты. Ол үшін қала тұрғындары қол жинауы керек.