«Бәрібір келемін»: Алекс Лесли өзінің Қазақстанға кіруіне ресми түрде тыйым салынбағанын айтты
Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
«Қазақстандық БАҚ таратқан қауесетке сенбеңіздер. Менің Қазақстанға келуіме тыйым салынған жоқ. Салынбайды да. Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны жайлы ресми растау ТАСС-да да, өзге де басылымдардың ешқайсысында берілмеген. Біз ешқандай заңбұзушылыққа барып жатқан жоқпыз. Барлық елде қызметіміз заңға сүйене отырып атқарылады. Мен бәрібір келемін», - деді пикапер.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ қыздарын жыныстық қатынасқа тусуге үйретемін» деп елді шулатқан ресейлік пикапер Александр Кирилловтың Қазақстанға кіруіне тыйым салынғаны туралы Алматы қалалық полиция департаменті қабылдаған шаралар негізінде мәлімделген еді.