Ресейлік пикапер Александр Кириллов Мұхамеджан Тазабекке жауап берді
Өзінің қазақ қыздарына қатысты айтқан әңгімесімен қоғамда үлкен дау туғызған Алекс Лесли Telegram арнасында қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабектің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
«Құрметті қазақ! Біз әйелдерді жақсы көреміз, олар да бізді жақсы көреді. Қалыптасқан ұғымдарды өзгертудің қажеті жоқ. Егер сенің әйелмен жыныстық қатынасқа түсуің ол әйелді төмендетсе, онда ол сондай жыныстық қатынас. Ал менің әйелмен жыныстық қатынасқа түсуім оны бақытты етеді, оған ұнайды. Оны қалай жасау керектігін еркектерге де үйретемін. Менің айналамда қанша әйел жүргенін көрдің бе? Егер мен оларды төмендетсем, олар маған осылай ғашық болар ма еді», - дейді Лесли.
Ол осы жазбасынан кейін Мұхамеджан Тазабектің өзін Instagram желісінен бұғаттағанын және желіде тосқауыл қойса да, Қазақстанға келер жолына бөгет қоя алмайтынын жазып, күлкі етті.
Айта кетейік, бұған дейін Мұхамеджан Тазабек қазақ жігіттерін қол қусырып отырмай, Алекс Леслиге қарсы тиісті жауап беруге үндеген жазбасын жариялаған еді.