Еркебұлан Дайыров ұлды болды
Актер Еркебұлан Дайыров әке атанды. Ол әлеуметтік желіде өзіне тілеулес болған жандарға ризашылығын айтты, деп жазады KYN.KZ.
Актердің жары Ләйлә Тілеуова әлеуметтік желіде ұлды болғанын жария етті. Ал актер әйелі босанған уақытта басқа қалада гастрольдік іссапарда болған.
«Аллаға шүкір,аман -есен дүниеге келдік! Әкеміз 1-нен бастап жұмыс бабымен қалада жоқ, бәрі әкесін күтіп жүр деген, солай болып шықты. Менің жағдайым кішкене мәз емес, сондықтан телефонға жауап бере алмаймын. Кішкене өзіме келіп алайын. Рахмет құттықтауларыңызға! Балаларымыз, ең бастысы аман болсын», - дейді актердың жары Ләйлә Тілеуова.
Дайыров та әлеуметтік желіде бейжазба жариялап, құттықтаған оқырмандарына алғысын айтты.
«Құрметті достар, оқырмандар! Баршаңыздың құттықтауларыңызды көріп жатырмын. Бірақ жауап беруге үлгере алмай жатырмын. Рақмет сіздерге! Алла разы болсын! Қазір Шымкентте гастрольдік сапарда жүрміз. Кешке спектакль. Сол себепті жауап беруге, сіздердің тілектеріңізге «рақмет» деп айтуға уақыттың ыңғайы келмей тұр. Баршаңызға жалпылама рақметімді айтамын», - деді бейнежазбасында актер.