Басты жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлік есігіне қысылып қалған оқушының видеосы жұртты алаңдатты (видео)

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінің бірінде есікке қысылған оқушының бейнежазбасы елдің назарын аудырды, деп жазды KYN.KZ.

«Ана автобусқа қарап, жылағым келіп кетті. Мұнда өз көлігімде отырып мен қысылып отырмын мынаны көріп», - дейді бейнежазба авторы.

Көптің ашуына тиген бұл жағдай Қазақстанның барлық қалаларында етек жайғандығын айтады көпшілік. Аталған жағдайда «қоғамдық көлік жүргізушісі кінәлі ме, әлде қаланы қоғамдық көлікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген әкімдер ме» деген сауалға жауап бергендей екі тарапқа бөлініп, екі ұшты пікір қалдырды желі оқырмандары.

«Алматы кунде осы ғой сыймай жатады», «»Барлық қалада автобустың проблемасы осындай. Әкімсымақ басшылардың өздері осылай мініп жүрсе түсінер еді, өздері мінбеген соң түсінбейді, білмейді, сосын осындай болады», «Шофердің кінәсі точна», «Алматыдағы 16 автобус», «Ойбуй, ана оқушыға обал ғой», «Жүргізуші неге бәрін тыға берген автобусқа», «Алматы ғой точно, есікке қысылып мал боласың», «Әкімдер қайда қарап отыр? Автобустарды көбейтсе болады ғой, өздері мінбеген соң көрмейді де, білмейді де бұл жағдайды», - деп жазуда желі қолданушылары.

https://youtube.com/shorts/sKWefEpi56k?feature=share