«Қазақтың бұлбұлы»: Сарыағаштық оқушы қыз тойда ән салып көпті қайран қалдырды (видео)
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2022
- 245
Түркістан өңірінде тойда ән салған күміскөмей қыз дауысымен жұртты тәнті етті, деп хабарлайды KYN.KZ.
Аталған тойда «Сарыағашта оқимын» деген оқушы қыз жанды дауыста ән орындап, көптің көңілінен шықты. Бейнежазбаны қонақтардың бірі түсіріп алған.
Ол екі әншінің бірі орындауға мүмкіндігі келмейтін ауыр әндердің бірін салды. Оның дауысы тойға жиналған қауымды таң қалдырды. Тойға келген қонақтар жезтаңдайлы қыздың өнерін бір деммен тыңдап, қошеметін жаудырды.
Бейнежазбаны көрген әлеуметтік желідегілер де кішкентай жұлдыздың өнеріне сүйсінді.
«Тамаша ,болашақ жұлдыз, Қазақтың бұлбұлы, екінші Бибігул. Өркенің өссін!», «Қай жақтың қызы, өнері өте керемет, оқыту керек, ұстаз керек Толқын Забирова сияқты», «Болашақ жұлдыз. Бибігүл апасының жолын жалғасын», «АЙ, ЖАРАЙСЫҢ, ДАУСЫҢ КЕРЕМЕТ ЕКЕН», «Болашақ Бибігүл Төлегенова», «Қазірден бастап ән ұстазы керек, күні-түні тойларда ән айта берсең, даусыңды отырғызасың. Сәттілік жолдас болсын», - деді желідегі тыңдарман.