Басты жаңалықтар

Мектеп оқушылары құлап қалған қыз үстінен таптап өтті (видео)

Алматы облысы Талғар ауданындағы №3 мектепте оқушылар сырткиім ілетін жерде бала көптігінен қысым көріп құлаған қызды таптап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бейнежазбада мектептің киім ілетін бөлмесінде оқушылар бір-бірінің алдына аптыға шығып, кептеліс жасаған. Нәтижесінде балалардың арасында жүре алмай, қозғала алмай құлаған қыздың үстінен аттап, таптап өткен.

Оқиға болған №3 мектепте киім ілуші қызметкер жоқ көрінеді. Балалар сырткиімдерін өздері іліп, өздері алып жүр. Жақында ғана 1,2 миллионға күрделі жөндеу жұмыстарын жасаған мектеп директорына болған жағдай үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Оқиғадан соң аталған мектеп оқушыларына сырткиімдерін сыныпқа алып кіруге рұқсат етілді. Қысым кезінде бір оқушыдан басқа ешкім зардап көрмеді. Жұрттың зәресін алған жағдайдан кейін мектеп оқушыларының ата-аналары балалары үшін алаңдаулы.

https://youtube.com/shorts/LOT0IdIdPic?feature=share