Басты жаңалықтар

Асқар Забикулиннің әйелі: Сыйға берілген үйге рақмет, бастысы күйеуім тез жазылып, отбасына оралсын

Денесінің 80 %-і күйік шалған Асқар Забикулиннің отбасына ТЖ министрі мен Астана әкімі Алтай Көлгінов барып, әйеліне үш бөлмелі үйдің сертификатын сыйға берді, деп жазды KYN.KZ.

"Біз әр отбасы сияқты басымызда баспана болғанын армандадық. Бірақ ол бізге осындай жолмен келеді деп ойлаған да емеспіз. Бірден айтқым келетіні маған және отбасыма бұл маңызды емес.

Бастысы күйеуімнің өмірі. Күйеуім алдына мақсат қоя алатын, және ештеңеге қарамай соған жететін адам. Қазірге айтарым, рақмет асқардың ерлігін осылай бағалағандарыңызға.

Әуелі Алла, одан соң барша қазақ халқына менің отбасыма дұға тілеп, барынша көмек қолын созып жатқан жандарға басымды иіп, алғысымды білдіремін. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың есе болып қайтсын",-деді Анеля Забикулина.