Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қызылордада полицей жүкті әйелін терезеден секіруге мәжбүрледі

19.11.2022
0
Қызылордада полицей жүкті әйелін терезеден секіруге мәжбүрледі

Қызылордада 21 жастағы жүкті әйел үшінші қабаттан секіріп кетті. Күйеуінен үнемі зорлық-зомбылық көрген келіншек бұл қадамға өмірін сақтау үшін барған, деп хабарлайды.

Келіншектің жағдайы туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Зардап шеккен келіншек видео арқылы президенттен көмек сұраған.»Мен суицид жасамадым. Тек өмірімді сақтап қалғым келді. Өйткені күйеуім мені өлтірмек болды. Есіктен қашып шығайын десем, үйдің кілтін алып алған. Ол суицидке итермеледі деген баппен айыпталды.

Ол суицидке итермелеген жоқ, өлтірмек болды. Мен екі жасар ұлымды тастап, өз еркіммен ешқашан өлмеймін», — дейді жәбірленуші.Дина Таңсәрінің айтуынша, Қызылорда қалалық полиция департаментінің қызметкері әйеліне үнемі қол көтеріп келген.»4 қараша күні полицей аяғы ауыр әйелін тағы да соққыға жыққан. Басынан банкамен ұрып, тұншықтырған.

Өзін қорғамақ болып жанталасқан әйел есіктен шыға алмай, терезеден секіруге мәжбүр болған. Келіншек жерге арқасымен құлаған. Екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан оны қазіргі күні палатаға ауыстырды», — дейді құқық қорғаушы.Қазір келіншектің жағдайы ауыр. Басынан аяғына дейін денесін сезбейді, көкбауырын алып тастаған, иығы мен иық сүйегі сынған, жүктілікті тоқтатуға тура келген.

«Осы факті негізінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар қызметтік тексеріс жүргізілуде. Бұл мәселе басшылықтың бақылауында», — деп хабарлады Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу26Твит17
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1282 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.