Басты жаңалықтар

Тоқаев: Жаңа партиялар пайда болуы мүмкін

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Журналистерге берген пікірінде ол тарихи күнде халықтың белсенді дауыс беріп жатырғанын айтты.

  • Шын мәнінде бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар, - деді ол.

Сонымен бірге, кандидат Тоқаев 2023 жылға жоспарланған парламент сайлауына дейін елімізде жаңа саяси партиялар пайда болуы мүмкін екенін де айтты.