Үміткер Қарақат Әбден дауыс беруге ата-анасымен келді
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Астанадағы №135 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазады KYN.KZ.
Үміткер сайлауға ата-анасымен бірге келген.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына Қарақат Әбденді «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Ол сайлауға түсіп жатқан екі әйелдің бірі. Төрт баланың анасы, кандидат Қ.Әбден сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары кезінде ұлттық бағытқа басымдық беретінін көрсетті. Оның үміткерлер арасында өткен дебатта «Шет елге тұрмысқа шығуға ниетті қыздардың қалың малын көбейту керек» деген тұрғыдағы сөзі қоғамда қызу талқыланды.