Басты жаңалықтар

Үміткер Нұрлан Әуесбаев дауыс берді

Қазақстан президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев елордадағы №189 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазды KYN.KZ cайты.

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған кандидат Н.Әуесбаевтың жанында сайлау алды штабының жетекшісі болды. Дауыс берген соң кандидат журналистерге пікір білдірді.

"Көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Бүгін мен сайлау учаскесіне республика азаматы ретінде өз міндетімді орындауға – дауыс беруге келдім", - деді ол.


Бұған дейін кандидат Нұрлан Әуесбаев Қазақстанның бірқатар өңірлерін аралап, жақтаушыларымен кездескен.