Басты жаңалықтар

Көпшілік қашып кетті деп жүрген Нұрлан Нығматулин дауыс берді

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ол Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасады.  

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Нұрлан Нығматулиннің отбасымен бірге шетелге қашқаны туралы ақпарат тараған. Ақпараттың жалған екенін айтқан экс-спикер өзінің елордадан ешқайда кетпегенін мәлімдеген еді.

https://www.facebook.com/reel/1248203275724060?s=yWDuG2&fs=e&mibextid=Nif5oz