Онға дейін қанша бюллетень алынды?
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-те сайлау тізіміне енген азаматтар 23,37 % бюллетень алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Таңғы 10:05 ке дейін еліміздегі сайлаушылар барлық бюллетеннің 23,37 пайызын алған. Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған деректер мынадай:
Абай облысы бойынша – 25,64 %, Ақмола облысы бойынша – 21,21 %, Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %, Алматы облысы бойынша – 20,12 %, Атырау облысы бойынша – 25,03 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %, Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %, Жетісу облысы бойынша – 25,58 %, Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %, Қостанай облысы бойынша – 26,97 %, Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %, Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %, Павлодар облысы бойынша – 27,90 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %, Түркістан облысы бойынша – 27,03 %, Ұлытау облысы бойынша 27,81 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %, Астана қаласы бойынша – 13,73 %, Алматы қаласы бойынша – 8,42 %, Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %.
Айта кетейік, 11 миллион Қазақстан азаматының сайлауда дауыс беру құқы бар.