Басты жаңалықтар

Үміткер Салтанат Тұрсынбекова да таңдауын жасады

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова да дауыс берді. Ол Астанадағы № 107 сайлау учаскесіне сайлау штабының өкілдерімен бірге келді, деп хабарлайды KYN.KZ.

С.Тұрсынбекованы үміткер ретінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.