Швейцариядағы құдасы өз елінде дәрігер тауып қойды: Жүрсін Ерман ауруханадан шыққанымен дертінен толық айықпаған
Ақын Жүрсін Ерман Қазақстандағы ауруханада емделіп, есін жиып шыққанымен алда ақынды ұзақ ем алу процессі күтіп тұр, деп жазды KYN.KZ.
Ақынның қызы Ардақтың айтуынша Жүрсін Ерманның бойында соңғы бес жылда қойылған бірнеше стенд бар. Яғни жүрек-қантамырларындағы тромбтарды осындай тәсілмен емдеген. Бірақ Жүрсін Ерманның аяғындағы үлкен көктамырға қойылған протезді ағзасы қабылдамай, жағдайы ушықты. Салдарынан есінен танып құлады. Қазірге дәрігерлер ағзаға кері әсерін берген протезді алған. Тізедегі көктамырды енді қайта емдеу қажет.
Қазір Жүрсін Ерманның Швейцариядағы құдасы Тедресс өз елінен қан тамырлары бойынша білікті мамандарға хабарласып, ақынның бұдан кейінгі еміне көмек қолын созғалы жатыр екен.
Енді ақын үйіне шыққанымен, Швейцарияға бару үшін де күш жинап, әлденіп алуы керек екен. Сондықтан қазір үй жағдайында дәрумендермен қуаттанып, шетелдегі емге кетуге дайындалып жатыр.