Мәулен Әшімбаев: Кандидаттарға тең мүмкіндік берілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Журналистермен сұқбатында ол барлық кандидатқа тең мүмкіндік жасалғанын айтты.
"Бүгінгі күн еліміз үшін маңызды Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау еліміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Біздің еліміз үшін соңғы жылдары оңай болмады. Пандемия ел экономикасы мен халқымызға ауыр тиді. Коронавирусты бәріміз бірге еңсердік. Биыл Алматыдағы қаңтар оқиғасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Дегенмен қиындықтарға қарамастан Қазақстан халқының бірлігі мықты", - деді Мәулен Әшімбаев.