Астанада көпқабатты үйде болған өртте 3 адамды аман алып қалған өрт сөндіруші қайтыс болды
Бүгін ауруханада өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, оның денсаулығы үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы барын салған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Асқар Забикулин 16 қараша күні елордада болған өрт кезінде адамдарды құтқаруға қатысты. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Асқар Забикулиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
"Ол туралы жақсы естеліктер қалды. Асқар өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Асқар жақсы адам, жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және сауатты маман еді. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және қызметіне деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды», - делінген ТЖМ хабарламасында.