Мемлекет басшысы қайтыс болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жақындарына көңіл айтты
Бұл туралы akorda.kz хабарлады, деп жазды KYN.KZ сайты.
«Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», - делінген президент жеделхатында.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астананың көпқабатты үйлерінің бірінде шыққан өртте бірнеше адамның өмірін алып қалам деп денесінің 80% күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин көз жұмды.