Дос Көшім: Басқалаға "Ақмола" деп тарихи атауын қайтару керек еді
Саясаттанушы Дос Көшім Қазақстан астанасының қайтадан Астана атануына таңданыспен қарағанын айтты. Ол бұл мекеннің тарихы барын, соған неге зиялы қауым назар салмады дейді.
Бұл жөнінде KYN.KZ сайты Аралбайұлының сұхбатына сілтеме жасай отырып жазды.
"Менің түсінбегенім неге көзі ашық депутаттар, басқада зиялы қауым отырып Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерткеніне таңым бар. Бұл мекеннің Ақмола деген аты бар ғой. Оның тарихы тереңде. Құдайдың берген аты ғой ол.
Әлі есімде 1992 жылдары "Азат" қозғалысы Парламентті қоршап алып, сол жерді алты күн қоршап митинг жасадық. Целлиноградқа Ақмола атауын бермей тарамаймыз деген талап қойдық. Содан екі күн өткенде қаланың атауы Ақмола болып өзгерді. Бұл атты тартып алғанбыз. Өзіме жаныма жақыны, сол тарихи оқиғасы бар Ақмола атауы жаныма жақын",- деді саясаттанушы Дос Көшім.