Басты жаңалықтар

Соқталдай азамат өзінің сүндет тойында тойханаға автокөлікпен кіріп келді (видео)

Желіде тараған соқталдай жігіттің сүндет тойында түсірілген бейнежазба көптің ашуына тиді, деп жазады KYN.KZ сайты.

Қазақ салтында ер балаларды сүндетке отырғызып «сүндет тойын» жасап, алғаш рет жеке атқа мінгізіп «ашамайға мінгізу» рәсімін өткізген. Ал бейнежазбада көріп отырғанымыздай, 14-16 жастағы азамат сүндет тойында тойханаға аттың орнына автокөлік мініп келген. Ондағы қонақтар да азаматтың қолына ақша ұстатып немесе көлігіне салып жатыр.

Азаматтың бұл қылығы жұрттың ашуына тиіп, кейбірі күлкі етіп түрлі комментария жазған. Осы жасқа келіп сүндет той жасағанына түсіністікпен қарағандар да бар.

«Как Римский папа», «Сүндет той бәрібір жасқа қарайды. Баланы осылай қинайды. Мұсылман болды, құтты болсын», «Машинадағы сүндетке отырған баланың әкесі ме десем, сүндеттелген бала екен ғой», «Қумаңдаршы! Осыны жасамай-ақ қойса болады ғой», «Әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс», «2 рет отырғызып тастаған ба, қалай», «Ұят емес пе соқталдай боп», «Не деген масқара! Осы күнге дейін ай қарап жүрді ме», «Адамдардың жағдайы болмай жалғыз ұлына да той істей алмаған», - деп жарыса жазуда желі қолданушылары.

https://youtube.com/shorts/qpuaqZe2_K0?feature=share